Бір жыл ішінде Иранға 33 рет кибер-шабуыл жасалған. Бұл туралы сол елдің Байланыс және ақпараттық технология министрлігі мәлімдеді.
Иран байланыс және ақпараттық құралдар министрі Мохаммад Жавад Жоһрамидың мәлімдеуінше кибер-қауіпсіздік қызметкерлері 2018 жылы 33 мәрте хакерлік шабуылды қайтарған. Ол және кибер-қауіпсіздік мәселелері мемлекеттер мен оның азаматтарының өмірінің басты мәселесіне айналып келе жатқанын айтады.
Мюнхенде өткен кибер-қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияда әлем елдерінің интернет қауіпсіздігіне бөлетін бюджеті жыл сайын еселеніп келе жатқаны мәлім болды. Алайда, мамандар мемлекеттердің кибер-қауіпсіздік мәселесін шешу үшін бұл қаражаттардың әлі де жетікілікті деңгейде емес екенін айтады.
Иран тарабы осы конференцияда өздерін хакерлік шабуылдарға көбірек ұшыраушы ел ретінде атады. Ұлттық қауіпсіздіктің негізгі салаларының бірі ретінде Иран кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Dezhfa жобасын жүзеге асырғаны мәлім болды. Бұл жоба Иранның кибер-қауіпсіздікке бағытталған ұлттық жобасы саналады. Дербес 10 кешенді біріктірген жоба Иран кибер-қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп мәлімдеді Иран өкілдері.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр