Беларусь пен Ресейден өзге барлық Еуропа елдері сағат тілін қысқы уақытқа ауыстырып – бір сағат кейінге жылжытты. Қазіргі уақытта 76 ел қысқы және жазғы уақытқа көшкен. Бұл жөнінде Deutsche Welle хабарлады.
Негізінен қысқы уақытқа көшу жөнінде қызу пікірталас басталып, 2018 жылы онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Еурокомиссия жазғы және қысқы уақытқа көшуді алып тастауға кеңес берген еді. Алайда кейбір сала, мысалы, әуе тасымалы мұндай қадамға дайын болмай шықты. Ал биыл наурызда Еуропарламент 2021 жылдан бастап, жазғы уақытқа көшуді алып тастауды қолдап, дауыс берді.
Германия экономика министрі Петер Альтмайердің айтуынша, ЕО-дағы адамдардың 84%-ы жазғы уақытқа ауысудан құтылғысы келеді. Уақыт өзгертудің адам денсаулығы үшін орасан қауіпті екенін айтқан еуропалық дәрігерлер: «Көктемде ұйқының бір сағатын жоғалтқан кезде келесі күні-ақ жүрек ұстамасы жағдайлары 24%-ға артады. Күзде ұйқы қанған кезде жүрек ұстамасы 21%-ға төмендейді. Мұндай тенденция көлік апаттары мен өз-өзіне қол жұмсауда да байқалып отыр» — дейді.
Тарихта тұңғыш рет сағат тілі 1908 жылы Ұлыбританияда жазда бір сағат алға және қыста бір сағат артқа ауысты. Бұл идеяны Бенджамин Франклин ұсынған деп есептеледі. АҚШ-та уақытты ауыстыру 1918 жылы ғана қолданылды.