Қазақ-өзбек шекарасындағы «Қонысбаев» өткізу бекеті қайта құру жұмыстарына байланысты 2020 жылға дейін жабылады. Бұл туралы Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетінің ресми сайтында айтылған.
Салалық ведомствоның мәліметінше, жаяу жүргіншілер, жеңіл және жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің қозғалысы 1 қарашадан бастап тоқтатылады. Осыған байланысты Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті жаяу жүргіншілер, тауарлар мен көлік құралын өткізетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар балама бақылау-өткізу пункттері арқылы шекарадан өте алатынын хабарлайды.
Айта кетейік, Қазақстанның «Қонысбаев» шекаралық бақылау-өткізу бекеті Түркістан облысында орналасқан. Шекара өткелінде Өзбекстан жақтан Ташкент облысының Чиназ ауданында ашылған «Яллама» өткізу пункті бар.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы