Ресей президенті Владимир Путиннің Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуі 22 қазанда Сочиде өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.
Тараптар Түркияның Сүриядағы әскери операциясын талқылап, С-400 зымырандары жөнінде келіссөз жүргізу жоспарлаған. Осыған дейін Ердоған: «С-400 зымыран жүйесі Түркияға бейбітшілік және тұрақтылық орнатуға көмектеседі. Біздің тарапымыздан қабылданып жатқан шаралардың барлығы Түркия қорғанысын күшейтуге бағытталған. Анкараның соғыс ашу жоспары жоқ», – деп мәлімдеген болатын.
2017 жылы желтоқсанда Түркия Ресеймен С-400 зымыран жүйесін сатып алуға байланысты құны 2,5 миллиард долларды құрайтын келісімге келген. 12 шілдеде Анкара С-400 жүйесінің алғашқы легін қабылдап алған.
Путиннің түрік көшбасшысын кездесуге шақыруының тағы бір себебі – Сүрия дағдарысы. 9 қазанда Түркия Сүрияның солтүстігінде «Бейбітшілік қайнары» аталатын арнайы операция бастаған. Түрік авиациясы мен артиллериясы көрші ел аумағындағы күрд жасақтарын соққыға алды. Әскери операцияның мақсаты – лаңкестерге оңтүстік шекарада дәліз құруға жол бермеу.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді