Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының құрылысын сынға алып, көшелері мен ғимараттарының біріңғай дизйн-кодын рәсімдеуді тапсырды.
Бұл жөнінде президент: «Қалада бірыңғай қалақұрылысы саясаты жоқ. Бұл кейбір аудандарда бейберекет құрылыстардың жүргізілуіне әкеп соғады. Көшелер мен ғимараттардың біріңғай гармониялық стилі жоқ. Сіздер елорданы көруге арнайы келген туристердің пікірін оқыған боларсыздар. Жалпы пікірлер жақсы, бірақ олар қалада эклектика барын айтады. Бір ғимарат бір стильде, екіншісі мүлде басқа. Ең бастысы – жайлылық жоқ. Плиталар ұшып, асфальт жарылып жатыр, ағаштар аз, соның салдарынан қаланы күтіп бақпайтыны көрінеді. Иесі жоқ Алыстан зәулім ғимарат әдемі көрінеді, жақындап келсең шаршағанын байқауға болады. Қожайын керек. Қожайын ретінде негізі аудан әкімдері болуы керек. Олар кеңсесінде отыра бермей жаяу жүріп, тұрғындарын білуі керек, ғимараттардың, адамдардың өмірін білуі керек», – деді.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы: «Қаланың қандайда бір шаруашылық иесі бары байқалмайды. Әрине, ауа-райында ескеру керек. Солтүстік Еуропада орналасқан қалалар да бар емес пе? Сол себепті кеш болмай тұрып Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен ғимараттарының біріңғай дизйн-кодын рәсімдеуді тапсырамын. Бұл менің әкімдікке деген қатаң тапсырма», – деді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы