АҚШ пен Солтүстік Корея ядролық келіссөздерді қайта бастамақ. Бұл туралы Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген. Мәлімдемеде, 5 қазаннан тартып, АҚШ-КХДР арасында келіссөздің жаңа раунды басталады.
Келіссөздердің жалғасуы туралы мәліметті АҚШ Мемлекеттік департаменті де растаған. Алайда, тараптар келіссөздің өтетін орны туралы мәлімет беруден бас тартқан. 5 қазанда тараптар Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздану мәселесі бойынша негізгі ұстанымдар мен талаптарды үйлестіру мәселелерін талқыламақ.
Айта кетейік, АҚШ президент Трамп өз өкілеттілігі тұсында Солтүстік Кореямен диалогты барынша дамытқаны рас. Трамп пен Ким арасында Сингапурда және Вьетнамда екі мәрте кездесу өтті. Осыған қарамастан тараптар ядролық қарудан бас тарту және экономикалық дамуды қолдау тақырыптарында пікір бірлігіне келе алмады. Маусымдағы кездесуден кейін Солтүстік Корея АҚШ-пен келіссөзді тоқтатып, зымыран сынақтарын жалғастырған болатын.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау