Орталық Азия елдері қауіпсіздігін өздері қамтамасыз етуге қауқарлы.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Орталық Азия елдеріне қатысты мәлімдеме жасады. Онда ол аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризммен күрес жөнінде сөз қозғады.
«Терроризм мәселесі айтылғанда Орталық Азия аймағын айту әдетке айналды. Біз Орталық Азия туралы халықаралық қауымдастық алдында жағымсыз көзқарас қалыптасқанын қаламаймыз. «Орталық Азияда терроризм өрті тұтанады», «жарылады» деген сөздерді 25 жылдан бері естіп келеміз. Соңғы үш жылда біз шекараны шегендеу, су пайдалануды өзара бөлісу, транспорттық коммуникацияларды дамыту және қауіпсіздік саласында әріптестікті жаңа деңгейге көтеру бойынша біршама жетістіктерге жеттік. Бұл дегеніміз, Орталық Азия елдір өз қауіпсіздігін өздері қамтамасыз ете алатын потенциалға ие деген сөз» - деді Камилов.
Бұдан бөлек, Өзбекстан сыртқы істер министрі Орталық Азия елдері мен халықаралық қауымдастық терроризммен күрес мәселесінде күш біріктіруі керектігін айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда Ауғанстан терроризм ошағы ғана емес, жаңадан ашылып отырған мүмкіндік. Себебі Еуропа - Орталық Азия – Ауғанстан – Оңтүстік Азия көлік дәлізінің экономикалық маңызы өте жоғары.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?