Зеленскийдің командасы ұсынған реформа жүзеге асқан жағдайда тек Украина азаматтары ғана жерді сатып ала алады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
«Жер украиндарға тиесілі. Үкіметпен ұсынылатын үлгілерде жерді тек украиндық азаматтар немесе украиндық компаниялар ғана сатып ала алады», – деді ол. Сондай-ақ президент Үкімет алдына 1 қазанға дейін осы реформаның жобасын әзірлеу міндетін қойды.
Украинадан нарықтық жағдайларда жер айналымын заңдастыруды Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) талап етеді. Украина мен ХВҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумда жаңа несиелік бағдарлама аясында Киев пен Дүниежүзілік банктің сарапшылары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер нарығын енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледі. Меморандум авторларының айтуынша, алдағы уақыттарда Украинада жер реформасын жүргізудің артықшылығын түсіндіретін ақпараттық науқан басталды.
Қазір Украинада ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сатуға мораторий жарияланған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті