Үндістан үкіметі Кашмир аймағын автономия статусынан айырғаннан бері 6 апта өтті. Аймақтағы жағдай әлі де дағдарыс күйінде тұр. Мыңдаған адам үкіметке қарсы әрекеттерге барды деген айып пен қамалды, оның арасында кейбір саяси лидерлер де бар. Он мыңдаған қарулы жасақ қатаң бақылауға алған аймақта ұялы байланыс пен ғаламтор желісі де тоқтатылған.
Аймақтың автономия құқығының алынуына қарсы наразылық шаралары қақтығыстарға ұласқан. Үкімет пен қауіпсіздік күштеріне қарсы шыққан ереуілшілер арасында қақтығыстар орын алғанын жергілікті және шетелдік ақпарат құралдары хабарлауда. Алайда, қанша адамның қаза тапқаны немесе зардап шеккені туралы анық мәлімет жоқ. Зардап шеккендер туралы бар мәліметтер де әртүрлі.
Үндістан үкіметі қауіпсіздік күштерінің операциясы кезінде бірде бір адам қаза болмағаны туралы мәлімет берген. Алайда, BBC тілшілері аймақтың жағдайын көруге барғанда қақтығыстарда қаза тапқан бірнеше адамның жаназасына куә болған. Жергілікті тұрғындар үш адамның қаза тапқанын айтады. Оның бірін дүкенінде Үндістан қарулы әскерлері әйелінің көзінше атып өлтірген.
Өңірдегі бейбіт тұрғындар қарулы топтар мен қауіпсіздік күштерінің ортасында қалған. Кейбір өңірдің тұрғындары үндістандық қауіпсіздік қызметкерлерінің көбірек үрей әкеліп жатқанын, олар балаларды да заңсыз қамауға алып жатқанын айтады.
Сарапшылар аймақтағы қатаң бақылаудың 6 аптаға жеткенін, бақылау қаншалық ұзаққа созылса және қатаң болса қарсылықтың да соншалықты күшейетінін айтады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді