Сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясының тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман телефон арқылы сөйлесті. Сөйлесуде Йемендегі хусит күштерінің Сауд Арабиясының мұнай нысандарына жасаған шабуылы туралы талқылады. Трамп «Сауд Арабиясын қорғауға дайын екенін» білдірді.
Өткен сенбіде Йемендегі Иран қолдауындағы хусит күштері және оның жақтастары Сауд Арабиясының Aramco атты ұлттық мұнай компаниясының нысандарына шабуыл жасаған болатын. Ирандық IRNA ақпарат агенттігінің хабарына сенсек, әуе шабуылына 10 ұшқышсыз ұшақ пайдаланылған. Олар Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясына қарасты «Бахик» және «Харис» мұнай өңдеу зауыттарына әуеден шабуыл жасаған.
Хусит тарабы таратқан мәлімдемеде, бұл шабуылды «Сауд Арабиясы бастаған коалицияның Йемендегі қылмыстарына жауап беру» деп атаған. Ал, АҚШ президенті бұл шабуыл АҚШ пен әлем экономикасына теріс әсерін тигізеді деп бағалады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті шабуылға байланысты Иранды да айыптады. Мем. хатшы Майк Помпео кеше жасаған мәлімдемесінде: «Хусит күштерінің жасаған шабуылының артында Теһран тұр», – деді. Сондай-ақ, Сауд Арабиясының мұнай тапшылығының орнын толтыруға дайын екенін білдірген.
Айта кетейік, тамыз айының орта шенінде Йемендегі хусит күштері Сауд Арабиясының мұнай нысандарын нысанаға алған ірі шабуыл болатынын ескерткен болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді