14 наурызда Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің көмегімен және ҚР Бас прокуратурасының қатысуымен Қытайда сотталған және жазаларын өтеп жүрген Қазақстанның үш азаматы елге қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды.
Сотталған азаматтарды өз отанына беру туралы уағдаластыққа биылғы
1 наурызда Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың ҚХР Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен болған кездесуі кезінде қол жеткізілді.
Қазіргі таңда Қытай аумағында түрлі қылмыстарды жасағаны үшін сотталған 9 қазақстандық азамат қытайдың түзету мекемелерінде жазаларын өтеп жүр. «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарттың» күшіне енуін (2011 ж. 22 ақпанда қол қойылды) ескере отырып, Елшіліктің консулдық қызметі ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға және сотталған азаматтарды Отанына қайтаруға бағытталған тиісті іс-шараларды жалғастыруда. Жақын арада қытай тарапымен ҚР-дың тағы да Қазақстанның үш азаматын елге қайтару туралы сұрағы қарастырылады.
2015 ж. қыркүйектен бастап қытайлық тараппен жазалаудың түрлі мерзімімен ҚХР аумағында айыптарын өтеп жатқан 14 Қазақстан азаматы табысталғанын еске саламыз.
Ескертпе: Шет мемлекеттердегі жеке және заңды тұлға болып келетін Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің консулдық қызметінің басты бағыттарының бірі.
«The Qazaq Times»

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы