Өзбекстанда туылып, соңғы бірнеше жылдан бері Лондонда тұратын 35 жастағы Надира Мюррей (Әлиева) британдық кәсіби кинематография талаптарына сай алғашқы фильмін түсірді. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазды. 

"Locked in" ("Қамауда") фильмінің соңғы жұмыстары қаңтарда аяқталды. Қазіргі таңда фильмді көрсету үшін түрлі фестивальдермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", – деді фильм продюсері, сценарий авторы әрі режиссері Надира Мюррей.

Фильм Самира мен Назымның түрмедегі отбасылық өмірі туралы. Кейіпкерлер Ұлыбританиядан Өзбекстанға депортациялайтын күнде күтіп жүр. Туынды желісі болған оқиға бойынша түсірілген.

Фильмге 18 британдық әртіс түсті. Ол түрмеде түсірілген. "Соңғы уақытта Ұлыбританияда босқындарға деген көзқарас нашарлап кетті. Көптеген босқындарды күшпен қудалап жатыр", - деді Надира Мюррей.

Надира Мюррей (Әлиева) Өзбекстанның Ұлыбританиядағы бұрынғы елшісі Крейг Мюррейдің әйелі. Бұрынғы елші "Самарқандағы кісі өлімі" кітабын жазған еді.

«The Qazaq Times»