Ресей президенті Владимир Путин 30 генералды жұмыстан шығарды.

«Коммерсант» басылымының мәліметінше, Владимир Путин қыркүйек айының 7-і күні №425 жарлыққа қол қойған. Онда күштік құрылымдардың бірқатар басшылары қызметінен алынатындығы жөнінде айтылған. Атап айтқанда, президент жарлығы бойынша қызметінен РФ Қырым бойынша Тергеу басқармасының тергеу комитеті басшысы  генерал-лейтенант Михаил Назаров, Дағыстан ТБ ТК басшысы Сергей Дурбовин қызметтерінен кетті. Жалпы алғанда Путин 30 генерал мен полковникті қызметінен босатқан.

Бұдан бөлек Владимир Путин жаңа тағайындаулар да жасады. Мәскеу прокуроры болып Денис Попов, Дағыстан бас прокуроры болып Алексей Ежов, Қарашай-Шеркеш Тергеу басқармасының тергеу комитетінің басшысы болып Николай Щепкин, Қырым ІІМ болып Павел Каранда  тағайындалды. Владимир Путин негізінен Кавказбен Қырым күштік құрылымдарының басшыларын ауыстырды. Бұл дегеніміз Кремль аталмыш аймақтарды баса назарда ұстап отыр деген сөз.

"The Qazaq Times"