10 жылдан кейін Үндістан Айда күнделікті жұмыс істейтін база салып, жерге гелий-3 қазба байлығын тасымалдайды. Бұл жөнінде «BrahMos Aerospace» компаниясының бұрынғы басшысы Сиватхану Пиллай мәлімдеді.

«Үндістан Айда гелий-3 шикізатын өндіруді жолға қойып, жерге тасымалдай алады. Гелий-3 болашақтың жаңа энергия көзі. Біз ғарышты игеруде жаңа технолигияларға ие әлемдегі төрт елдің біріміз. Қазір Айда база салу бастамасына АҚШ, Ресей және Қытай қызығушылық танытуда. Үндістан да осы бағытта жұмыс істейтін болады» - деді Пиллай

Гелий-3 - Күн бетінде энергия шығаратын элементтердің бірі. Жер бетінде бұл элемент өте аз. Себебі Жерді атмосфера қоршап тұр. Ғалымдар есебі бойынша, Айда гелий-3 қоры шамамен алғанда 500 мыңнан бірнеше миллион тоннаға дейін болуы мүмкін. 1 тонна гелий-3-тің энергиясы 15 миллион тонна мұнаймен тең.

Естеріңізге салайық, жақында Үндістан Ай орбитасына «Чандраян-2» зонтын сәтті ұшырған.

"The Qazaq Times"