Ұлыбритания үкіметі елде кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы шешімге дауыс жинамақ. Егер Қауымдар палатасындағы депутаттардың үштен екі бөлігі қолдап дауыс берсе, елде парламенттік сайлау өтеді.
Сол себепті, қазіргі премьер-министр Борис Джонсонның 31 қазанда Еуропалық одақ құрамынан шығу бойынша жүргізілетін Brexit келісімі қайтадан кейінге қалдырылуы мүмкін. Дауыс беру қорытындысын Британ үкіметі 15 қазанда жариялайды.
Өз кезегінде Еуроодақ тарабы Біріккен Корольдік қандай шешімге келсе де құптайтынын және одаққа мүше өзге елдермен бірлесе, алдағы айларға жаңа жоспар дайындайтынын хабарлады.
Brexit бойынша келіссөздер 2017 жылдан бері жалғасып келеді. 2016 жылғы референдум бойынша Ұлыбритания 29 наурызда Еуропалық одақ құрамынан шығуы тиіс болатын. Алайда, тараптар ортақ келісімге келе алмағандықтан, Brexit уақыты екі рет кейінге шегерілген. Елде жаңа премьер-министр тағайындалғаннан кейін Қауымдар палатасы парламенттік сайлау өткізуді талап етті. Осылайша, басқарушы топ пен палата өкілдері жік-жікке бөлініп, ЕО-дан шығу мәселесінде ортақ келісімге келе алмай отыр. 3 қыркүйек кешкі уақытта Қауымдар палатасы Парламенттің күн тәртібін анықтау құқығын алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді