Біріккен Ұлттар Ұйымы жасаған мәлімдемеде, адам тіршілігіне қажетті су қорының барған сайын азайып бара жатқанын алға тартып, алдағы бес жылдың өзінде әлемнің көптеген елдері су тапшылығынан зардап шегетінін ескертті.

БҰҰ мәліметіне қарағанда 2025 жылға жеткенде әлемде 2 миллиардқа жуық адам ауыз су тапшы аймақтар немесе мемлекеттерде жасап қалуы мүмкін екенін айтады. Қазірдің өзінде көптеген мемлекеттер елді қалай ауыз сумен қамту мәселесімен бас қатырады.

Жер бетінде адамдардың саны көбейген сайын табиғи ресурстардың шығыны да артуда. Миллиардтаған адам ауыз су тапшы аймақтарда мекендейді. Алдағы уақытта бұл сан тіпті де көбеймек.

Жер шарында су қоры азайды ма? Мүлде олай емес. Планетамыздың шамамен 70 пайыз аумағын су иелейді.  Бірақ, осы мол судың тек 3 пайызы ғана таза су. Сол таза судың 90 пайызы ауыл шаруашылығына пайдаланылады.

Орта қорғау ғалымдарының пікірінше, адамзат қазірден бастап суды пайдаланудың дұрыс жолын үйренбесе, енді 50 жылдан кейін су мәселесі жаһандық ең үлкен мәселелердің біріне айналады.

“The Qazaq Times”