Ресей сыртқы істер министрі Түркияның Сүриядағы іс-әрекеттеріне қатысты пікір білдірді.
Ресей СІМ Сергей Лавров Түркияның Сүрия аумағында жүргізіп жатқан әскери операциялары мен іс-әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Мәскеу Анкараның өз қауіпсіздігі үшін Сүрия аумағында жүргізіп отырған саясатын заңды деп есептейді.
Түркия АҚШ-пен бірлесіп Сүрия аумағында қауіпсіз аймақ құрмақ. Анкара осы арқылы босқындарды еліне қайтарып, буферлік аумақты өз бақылауында ұстамақ. Түркия билігі Идлиб провинциясындағы күрд әскери жасақтарын ел тыныштығына қауіп төндіретін террорлық ұйым деп есептейді.
Шілде айында президент Режеп Тайып Ердоған Ефрат өзенінің шығысында арнайы әскери операция бастайтындығын мәлімдеген. Бұған дейін Түркия армиясы Сүрия аумағында «Зәйтүн бұтағы» атты әскери операция жүргізген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды