Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азаматтарға орден мен медаль тақты.
29 тамызда Шавкат Мирзияев Ферғана және Әндіжан облыстарының әкімдері Шухрат Ганиев пен Шухрат Абдурахмановты «Меҳнат шуҳрати» («Еңбек даңқы») орденімен марапаттады.
Осының алдында екі шенеунік те мемлекет басшысы тарапынан қатты сынға қалған. 2 тамызда өткен жиналыста президент Ферғана облысының әкімі Шухрат Ганиевті сатқын деп атап, "онымен үлкен шаруа атқару мүмкін емес" деген. Ферғана облысындағы Риштан ауданында үйлер сүріліп, халық көтерілген болатын.
Ал 5 шілдеде үкімет отырысы кезінде президент Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахмановты облыстың денсаулық сақтау басқарма басшысын балағаттағаны үшін сынға алған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?