Еуропаның әлсіздігі Ресейге Қытаймен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Франция президенті Эммануэль Макрон Ресеймен арадағы қарым-қатынас жөнінде мәлімдеме жасады. Онда ол Еуропа елдері жаңа қырғи қабақ соғыстың ортасына кіріп кетпеу үшін Ресеймен қарым-қатынасын қайта қарауы қажет.
Бірақ Макрон Ресейге Қырым мәселесіне байланысты салынған санкцияларды алып тастау жөнінде ешқандай сөз қозғамады. Десе де, ол алдағы уақытта Ресейге «жаңадан санкция салу біздің мүддемізге сәйкес келмейді» деді.
Бұдан бөлек Франция президенті Ресейді Еуропадан бұдан ары алшақ ұстау үлкен стратегиялық қателік екендігін мәлімдеді. Оның сөзінше, Еуропаның әлсіздігі мен қателіктері Ресейге Қытаймен қарым-қатынас орнатуға және Сүрия, Ливия, Африка елдеріндегі өз позицияларын күшейтуге мүмкіндік берді.