Тамыз айының 27-29 күндері аралығында Сауд Арабиясының Жидда (Джидда) қаласында Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымның отырысы өтпек. Қазақстан аталған отырыста ислам елдерінің азық-түлік саласына инвестиция салу туралы өз ұсынысын ортаға қоймақ. Бұндай мәлімдемені ауылшаруашылық министрінің орынбасары Гүлмира Исаева ханым жасады.
Гүлмира Исаеваның айтуында Жидда отырысы кезінде Қазақстан бірнеше ортақ қор құру туралы ұсыныс тастамақ. Бұл қорлардың қатарында Ислам елдері ынтымақтастық ұйымының азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы азық-түлікті сақтау және қорғау туралы қор болмақ. Ауыл шаруашылық министрі орынбасарының айтуынша, Қазақстан өзі ұсыныс еткен қорды жылына 1 немесе 1,5 тонна астық және ұнмен қамтамасыз ете алады.
Тамыз айының соңындағы ислам елдері ұйымына мүше елдер арасындағы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі отырысы Исламдық азық-түлік қауіпсіздігін басты тақырып етпек. Бұл Ислам елдерінің азық-түлік саласында өзара ынтымақтастық жасауына тиімді орай болады дейді ҚР Аул шаруашылық министрлігі. Қазақстан бұл жиналыс кезінде жалпы құны 500 млн доллардан асатын инвестициялақ қор құру туралы ұсынысты ортаға салады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау