Ливан көп жылдан бері өзін христиан президент басқарған, елде бірнеше ұқсамаған дін өкілдері қатар өмір сүріп жатқан Орта Шығыстағы бірден-бір ел ретінде көрсетіп келген еді. Алайда, іс жүзінде жағдай ел ойлағандай бейбіт, жарасымды болмай шықты. Елде христиандар көбірек қоныстанған қалаларда мұсылман шиттердің тұруына тыйым салынуда. 

Бейрут қаласының әкімдігі қалада тұратын және қоныс аударып келген мұсылмандарды тұрақты мүліктерін қалдырып, өздерінің қаладан шығып кетуін талап еткен. Тіпті, аталған қала көшелерінде христиандарды өз пәтерлері, тұрғындық жерлерін мұсылмандарға сатпау туралы үндеген жарнама тақталары да ілініп тұрады. Бейрут қаласында жергілікті үкімет христиан сеніміндегі азаматтардың тұрақты мүлкін мұсылмандарға сатуға, алмастыруға қарсы ережелер шығара бастаған.

Бұл жағдайды қаланың он жыл бұрын сайланған мэрі Жорж Аун былай деп түсіндіреді: "Бұл шешімді елдегі барлық мұсылман, христиан діни жетекшілері және саяси партиялар қабылдаған, солардың мақұлдауынан өткен. Оның басты мақсаты керісінше мұсылмандар мен христиандардың бір елде бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету. Аймақтағы демографияның өзгеріп жатқаны белгілі, бұл христиандарды ығыстырып шығаруы мүмкін. сол үшін осындай келісімдер керек. Басқа аймақтар да осындай шараларды көруде. Бірақ, олар бұны ашық айта бермейді", – деген. Ол және христиандардың құндылығын қорғап қалу үшін жасалған бұл қадамдарын мақтаныш ететінін де айтқан.

Ливан Орта Шығыстағы бірнеше дін өкілі қатар бейбіт жасап келген ел қатарлы көрініп және бұл құндылығымен мақтанып келгенімен, өз баспанасынан еріксіз көшіп кетуге мәжбүр болған шиттер бұл пікірге қосылмайды.

“The Qazaq Times”