Шинхуа агенттыгі (Xinhua.net.com) 9 наурызда БҰҰ-ның қиындықта қалған бұқараға көмек көрсету комитеті Ауғанстанның Астанасы Кабулде Қытайдың Ауған тұрғындарына көмекке атаған бір миллион АҚШ долларын қабылдады деп хабарлайды.
Сол күні аталмыш ұйымның қызметкерлері апат болған аймақтардағы 330 дан астам отбасына барып, гуманитарлық көмек жеткізді. Қабылдау рәсімінде Қытайдың Ауғанстандағы бас елшісі Тау Жиң, Ауғанстанның төтенше жағдайлар бойынша министрі Сейт Барси және БҰҰ-ның Ауғанстанда тұратын жауапты қызметкері Фасия Абдулла және тағы басқа тұлғалар болды. Олар кезекпен сөз алып, қазіргі таңда Ауғаныстанда болып жатқан соғыс және табиғи апаттардан зардап шеккен тұрғындардың жағдайымен танысты. Және күллі дүние тап болып отырған ойламаған ауыр дәрежедегі қиындықтардың кезінде бейбіт тұрғындарға жәрдемдесудің маңыздылығын атады. Сондай-ақ, Қытайдың қайырымдылық шарасын алқады.
Ауғанстанның жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен жылғы қыстан бері апатты ауа райы салдарынан 239 адам қайтыс болып, 214 адам жараланған. 520 дан астам үй қираған болатын. БҰҰ мәлімдеме жариялап, үздіксіз жалғасқан соғыстан қиындыққа тап болған бұқара үй-күйсіз босқын күй кешті. Қазірдің өзінде бұл елде 9 миллион адам қайырымдылық көмекке мұқтаж деп атап көрсеткен.
Әділет Ахметұлы
“The Qazaq Times”