Түркия билігі елдің оңтүстік-шығысындағы үш қаланың күрд мэрлерін қызметінен алып, орнына штат губернаторларын тағайындады. Елдің Ішкі істер министрлігі оларға террорлық әрекеттермен айналысты деген айып таққан.
Күрдтер жиі қоныстанған Түркияның оңтүстік-шығысындағы қалаларда наурыздың соңындағы сайлауда күрд өкілдері жеңіп шыққан болатын. Анкара билігі күрд ұлтынан сайланған бұл жаңа мэрлерге күрд қарулы топтарымен байланысы бар деген де айыптарды тағып отыр. Осыған ұқсас айыптармен Түркиядағы 29 провинциядан 400-ден астам адам тұтқындалған. Ішкі істер министрлігі бұл әрекеттерді ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасап жатқандарын алға тартуда.
Түркияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары Ирак, Сүрия жеріндегі күрдтер қоныстанған аймақтарға шектеседі. Көптеген жылдардан бері Орта Шығыстағы күрдтер дербестік үшін күресіп жатқаны белгілі. Күрд тәуелсіздігін мақсат еткен бірқатар ұйымдары да бар. Олардың басым көбі Анкара билігі тарабынан террорлық ұйым деп танылған. Ел ішіндегі күрд күштері мен сыртқы күрд қарулы топтарының байланысын үзу үшін Түркия Сүрия мен Ирактағы ірі ойындарға да араласып келеді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі