Павлодар облысына моңғолиялық қандастарымыздан 13 отбасы көшіп келді, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі.
"Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шет елде жүрген қандастар тағдырынан бір сәтте қол үзбей, тікелей араласуының негізінде бауырларымыздың туған жеріне қоныс аудару легі жалғасуда. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның пилоттық жобасы аясында Моңғолияның Қобда, Баян-Өлгей аймақтарынан Қазақстандағы туыстарына қосылып, ұрпақтарын атамекенге жеткізу мақсатында Павлодар облысына көп балалы 13 отбасының 80 адамы көшірілді", делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, Қазақстанға біржола көшіп келуге ниет білдірген қандастарымыз негізінен әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына байланысты өздігінен көшіп келе алмайтын еді. Сондықтан, бұл игі шара «Отандастар қоры» КЕАҚ–ның қолдауымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен іске асырылды. "Көшіп келген қандастар арасында 13 баланы өмірге әкеліп өсіріп, жеткізген ардақты ана Қайша апамыз өзінің қолындағы кенже ұлы мен келінінің 6 баласымен бірге атамекенге келіп отыр. Сондай-ақ, жасөспірім оқу жасындағы 46 бала, 4 студент, 1 зейнеткер, еңбек жасындағы 29 азамат көшіп келді. Олардың ішінде ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімдері, техника мамандары, механизатор, мал дәрігері, медицина саласының маманы, басқа да арнайы оқу орталықтарын бітірген тәжірбиелі мамандық иелері бар", делінген баспасөз баянында.
Көшіп келген отбасылары түгелдей биылғы жылғы оралмандардың өңірлік квотасына еніп, мемлекет тарапынан әр адамға 88 375 теңгеден бір жыл бойы үй жалдап тұратын қаражат беріледі. Балалары оқу орындарына, еңбек жасындағылар жұмысқа орналасады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді