Иран билігі Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің Йемендегі әрекеттеріне бар күшімен қарсы тұрмақ. Мұндай мәлімдемені Иранның рухани көсемі, ең жоғары лауазымдысы аятолла Хомейни мәлімдеді. Ол аталған мәлімдемесін Йемендегі Ансаролла қозғалысының өкілдерімен кездесу кезінде ортаға салған болатын.
ИИР-ның рухани көсемі Сауд Арабиясы мен БАӘ-ның Йемендегі әрекетін бөлшектеу, бейбіт елді басып алу деп бағалаған. Ол сондай-ақ, Йемендегі діни сенім алауыздығын, тайпалар мен топтардың ерекшеліктерін ескере отырып "Йемендік диалог" орнату идеясы ортаға салған.
Хомейни кездесуде Батыс елдерін Орта Шығыстағы барлық бүлікке араласқанымен, Йемен және Палестинадағы шапқыншылық әрекеттерге көз жұма қарап отыр деген пікірін білдірген.
Йемендегі Хусит күштерінің шет күштеріне қарсы күресін жоғары бағалаған Хомейни Сауд Арабиясы мен БАӘ-ның сол елдегі әрекеттеріне қарсы тұруға Иран тарабы бар күшін салатынын ескерткен.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті