Бейжің бағалаған «қатерлі кезең»
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қытайдың Гонконг және Макао істері жөніндегі басқармасы екі жарым ай бойы жүріп жатқан қарсылық шаралары туралы «Антиүкіметтік көше протестері мен зорлық-зомбылықтары тоқтатылуы тиіс қатерлі кезеңге жетті», – деп мәлімдеді.
Соңғы онжылдықтағы ең ауыр саяси дағдарысқа тап болған Гонконг мемлекет орталығы Бейжіңмен байланысуы көпшіліктің алаудаушылығын тудыруда. Келісім бойынша Қытай әскерін тек Гонконг үкіметі көмек сұрағанда ғана елге кіргізе алады.
Бейжің кеңсесінің өкілі Ян Гуан телевизиялық үндеу арқылы «наразылықты таратудағы полиция әрекетін қолдайтынын әрі қалаға қамқорлық танытушыларды зорлық-заңсыздыққа қарсы шығуға» шақыратынын мәлімдеген. Зорлық-заңсыздықты қоздырушы қылмыскерлер мен үгітшілерді сыртқы күштер, сонымен қоса Британия демеп, айдап салып отыр деп санайды.
Су атқыш көліктер көрсетілімі – сес білдіру
12 тамыз Стратегиялық полиция бөлімшесі жариялы түрде протесті басуға арналған су атқыш көліктерін көрсеткен.
Полицияның қарқынды реакциясы мен Қытай позициясының күшеюіне қарамастан, осыдан екі ай бұрын елден экстрадициялауға рұқсат беретін заң жобасына қарсылық түрінде басталған қозғалыс бұрынғысынша 7 миллион адамнан астам халқы бар қалада кеңінен қолдау табуда.
Кеше. Көзі жасаураған наразылар: «Гонконгты босатыңдар!»
Кеше, жексенбі кешкілік Гонконгтің екі ауданының бірқатар көшелерінде санкцияланбаған шеруге шыққан демонстранттарға полиция көз жасауратқыш газ шашқан. Шам Шуй По іскерлік аймағында үстеріне қара көйлек киген наразылар «Гонконгты босатыңдар» деп ұрандатып шерулеткен. Көше бойында өзге тұрғындар қосылып, көлік жүргізушілері сигнал салып, бас бармақтарын көтеріп қолдайтын рай танытқан. Reuters тілшісіне 93 жастағы әкесін мүгедек арбаға отырғызған 63 жасар Люн тегіндегі азамат «Біз Гонконгта өмір бойы тұрып келеміз. Әрі біз үшін қазір ең қиын шақ. Себебі билік өз азаматтарын тыңдамайды» деп өкінішін білдірген.
Наразылардың бірі «Біз күні бойы жүгіріп жүрдік, бірақ біз шаршамадық», – дейді қала жилет киген, хирургиялық маска тағынған 30 жастағы Ах Синг есімді азамат. Ол «Бұл біздің жауабымыз, Кэрри Лам», – деп атады Бейжің тарапынан қолдау тапқан қала басшысының есімін. «Егер ол адамдарға тыңдағысы келмесе және біздің орынды, көңілге қонымды қонымды талаптарымызға жауап бермесе, біз наразылықты бүкіл Гонконгқа жаюды жалғастырамыз» деп қорытындылады. Ван Чай бөлігінде жанарына шашылған газдан бетін көз жасы жуып кеткен 27 жастағы өнер пәнінің мұғалімі Виктор «Біз Қытайдың толықтай басып алуына жол бергіміз келмейді. Егер наразылар шегінсер болсақ, билік бірден солардың қолына өтетін болады» дейді. Коулун аймағында газ балондарын қолданған полиция сақшылары Тай Ку станциясы маңында наразыларды дубинкамен сабаған. Оқиға нәтижесінде 600-дей азамат ұсталған.
Гонконг Үкіметі наразылықтарды «заңсыз жиындар» ретінде танып, «бұзақылардың» бензин бомбасымен полиция қызметкерін жарақаттағанын мәлімдеген.
«Осы тұрақты әрі ауқымды заңсыздықтарға ұласқан жиындарды ұйымдастыруға қандайда бір уақыты тіркелмеген және арнайы орындар бекітілген жоқ», – делінген Үкімет өкілінің хабарламасында.