- Сүриялық Ракка қаласын "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының содырларынан азат ету операциясына теңіз күштерінің қосымша бөлімі қатысады. Бұл туралы The Washington Post әскери мекемедегі дереккөзге сілтеме жасап, "Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
Газет дереккөзінің айтуынша, АҚШ-тың Сүриядағы әскери күштерінің күшеюі президент Дональд Трамптың ИМ-ге қарсы күрес жоспарына қатысты емес. Қосымша әскер жолдау - қазіргі операцияның бір бөлігі.
9 наурызда Адам құқықтарының сақталуы жөніндегі сүриялық мониторинг орталығының хабарлауынша, Ракка қаласының оңтүстік-шығысын жасалған әуе соққылары салдарынан 23 бейбіт тұрғын, соның ішінде сегіз бала қаза тапқан. Орталық мәліметіне қарағанда, әуе соққысын АҚШ-тың ИМ-ге қарсы күрес коалициясы жасаған. АҚШ қолбасшыларының мәлімдеуінше, әскери операция барысында бейбіт тұрғындар зардап шекпеуіне барынша күш салынып отыр, деп хабарлады Reuters.
Халықаралық коалицияның ИМ-ге қарсы операциясы 2014 жылы басталды. Әскери қимылдар Ирак және Сирия аумағында жүргізіледі. Қазір әскери операцияға 500 америкалық әскер қызметкері тартылған.
«The Qazaq Times»


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел