АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы өткен жылдың соңында Францияда өткен бір реткі талқы конференциясына қатысқаны үшін кемінде 50 мың АҚШ доллары көлемінде ақы алған. Ал, Сүрия (Сирия) соғысын тоқтату мәселесінде, сол талқы конференциясының бас кейіпкерлері болған Трамптың үлкен ұлы мен әйелі Ресей тарабының негізгі қолдаушысы болған.
Дональд Трамптың ұлы Donald Trump Jr. өткен жылы қазан айында Париждегі Ритс қонақ үйінде Саяси және Дипломатия орталығы ұйымдастырған кеші қонақасыға қатысты. АҚШ ақпарат құралдарының хабарынша, Еуропа және араб шенеуніктері, орталық президенті Фабьен Бассаттың (Fabien Baussart) Сүрияда туылған әйелі Ранда Кассис те (Randa Kassis) бастан аяқ Ресей тарабымен ымырада болып, Сүрия азаматтық соғысын ақырласудан үміткерлік танытты. Ал, Сүрия президентті Башар Ассад болса, ресми түрде РФ президенті Владимир Путинді Нобель сыйлығына ұсынған болатын.
Кассис болса беделді Ресей саяси фракциясын қолдаушылардың бірі. Бұл саяси топтар қазірдің өзінде Сүрия ішкі соғысын тоқтату туралы келіссөздерде жүр. Ал кештің бас кейіпкері ерлі-зайыптылар болса өздерінің ресейшіл тарап еместігін, барынша Сүрия ішкі соғысын тоқтатуды қалайтын тараптар екенін айтып өтті.
Трамптың үлкен ұлы Donald Trump Jr болса, әкесі құрған «Трамп тұрақты мүлік компаниясының» атқарушы-вице президенті. Сондай-ақ, президент командасының жоғары лауазымды өкілдерінің бірі. Ол америкалық «The Wall Street Journal» басылымының сұхбатын қабылдағанда CPFA-ға қатысқаны үшін 50 мың АҚШ долларын алғанын мойындамады.
“The Qazaq Times”