Ферғана, Хорезм және Қашқадария облыстарының әкімдерін қызметтен босату олар үшін ең оңай жаза болмақ. Өзбек билігінің айтуынша, олар қателіктерін түзетіп, мемлекет пен халықтың сенімін қайта қалпына келтіруі тиіс.
Бұған дейін ел президенті Шавкат Мирзиеев премьер-министр Абдулла Ариповке және президент әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновке Ферғана, Хорезм және Қашқадария облыстарының әкімдерін қызметтен босату мәселесін қарауды тапсырған еді. Себебі, олар тұрғын үйлердің заңсыз сүрілуіне жауапты болған, сондай-ақ, жерді заңсыз иеленген.
"Зардап шеккен тұрғындардың моральдық және материалдық шығындарының ауқымдылығын ескере отырып, облыс әкімдері мен басқа да жауапты тұлғаларды қызметінен шұғыл босату олар үшін жағдайдан шығудың ең оңай жолы болмақ. Олардың орнына келген адам неге жұмыстың барлық жауапкершілігі мен ауыртпалығын көтеруі тиіс?! Сол себепті, қателіктерін түзетіп, мемлекет пен халықтың сенімін қайта қалпына келтіруі керек", делінген хабарламада.
Мәлімдемеде айтылғандай, әкімдерге жыл соңына дейін бастаған жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік берілген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел