Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев митингіге шығатынын айтты.
Бүгін Қой-Таш ауылында журналистер сұрақтарына жауап беріп, халық алдында сөз сөйлеген Алмазбек Атамбаев кеше болған жағдайға байланысты митингіге шығатынын айтты. Оның сөзінше, Сооронбай Жээнбековтың билігі арнайы жасақ сарбаздарын Қой-Ташқа жіберу арқылы заң бұзып отыр.
«Маған түнімен менің жақтастарым келді. Олар сағат 16-00-де форумға барып, Ақ үй алдына митингіге шықпақ. Біз де сонда баруымыз керек. Сол жақтан өзіміздің кезектен тыс митингімізді өткізуіміз қажет. Себебі билік бұл бассыздықты тоқтатуы керек» - деп мәлімдеді Атамбаев.
Тамыз айының 7-і күні Алмазбек Атамбаевтың Қой Таштағы үйіне арнайы жасақ сарбаздары басып кіріп, экс-президенті ұстамақ болған. Операция барысында 1 сарбаз көз жұмып, 45 бейбіт тұрғын жараланған.