Түркия Сүрия аумағында бейбітшілік дәлізін құрмақ.

Шілде айының 30-ы күні ресми Анкара Сүрияның Түркиямен шекаралас аудандарында бейбітшілік аймағын құратынын мәлімдеді. Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша, Түркия әскері алдағы уақытта да Сүрияның шекаралық аудандарын өз бақылауында ұстамақ. Себебі Сүрия тарапынан келіп жатқан босқындар саны ай сайын өсуде. Ал бұл өз кезегінде Түркияның мемлекеттік тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Естеріңізге салайық, АҚШ әскері Сүрия аумағынан шығатыны белгілі болғаннан кейін, Ақ үй басшысы Дональд Трамп болашақта аймақ тыныштығын Түркияға табыстайтындығын мәлімдеген. Әзірге Сүрия аумағынан АҚШ әскері толықтай шығарылған жоқ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұған дейін бірнеше мәрте «Сүрияда жүріп жатқан әскери операциялардың барлығы АҚШ және Ресеймен келісілгендігін» айтқан.

"The Qazaq Times"