ІІМ Ерлан Тұрғымбаев журналистерге шабуыл жасаған әйелдерге қатысты мәлімдеме жасады.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласындағы адам құқықтары жөніндегі бюро ғимаратында журналистер мен ұйым мүшелеріне шабуыл жасаған әйелдердің ұсталмағанын айтты. Министрдің сөзінше, қазіргі таңда полиция аталмыш іске байланысты жазылған арыздарды қарауда.
Шілде айының 22-і күні Алматы қаласында адам құқықтары жөніндегі бюрода «Қазақстан аумағында тыйым салынған ҚДТ ұйымына қатысы бар» деп айыпталған көп балалы аналар Оксана Шевчук, Гүлзипа Жәукерова және Жазира Демеуова ісіне қатысты баспасөз мәслихаты өтуі тиіс болған. Бірақ жиын өтпей жатып, бюро ғимаратына жиырма шақты әйел келіп, журналистер мен ұйым қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіпі, шабуыл жасаған. Зардап шеккен журналистер арасында Азаттық радиосы, ҚазТАГ және Алматы телеарнасының тілшілері бар.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды