Жапония мен Үндістан бірлесе отырып 2023 жылы жаңа пилотсыз аппаратты Айға қондырмақ. Yomiuri shimbun басылымының хабарлауынша, аталған қондырғы Оңтүстік полюсті зерттеуге бағытталған.
Ортақ миссия үшін жапон тарабы Н-3 ауыр ракетасын, ал Үндістан қондырғының ішкі аппаратын жасайды. Мәліметтер бойынша, бұл қондырғы 22 шілдеде Айға ұшырылған «Чандраян-2» модульімен ұқсас. Ракета жерге қону нүктесінен 500 м радиуста қозғала алады, сондай-ақ оны су көздерін табуға арналған құрылғылармен жабдықтау жоспарланған. Бұл – бірлескен миссияның негізгі міндеті. Айдың Оңтүстік полюсінде күн сәулесі түспейтін кратерлер бар. Ғалымдар кратерлердің мұз болуы ықтимал дейді.
Үндістандық «Чандраян-2» ғарышқа 22 шілдеде ұшырылған. Ол орбиталық және қону модулінен тұрады. Аппарат 2008 жылы жер серігіне жіберілген «Чандраян-1» модульімен ұқсас. Енді Жапониямен бірлескен жаңа миссия сәтті жүзеге асса, Үндістан Айға қонуды жүзеге асырудан әлемнің төртінші елі (АҚШ, Ресей және Қытайдан кейін) атанбақ.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті