Джон Садуорт Би-Би-Си тілшісі, Хунань провинциясы.
Біздің жоспарымыз қарапайым еді. Біздің түсірілім тобы қытайдың орталығындағы Хунань провинциясының тұрғынымен оның үйіне келеміз, кейін онымен бірге пойызбен Бейжіңге барар жолда ұзақ жол сұхбатын жүргіземіз деп келіскен едік.
Бірақ біз кездесе алмадық.
Дегенмен, біз кейіпкер болған оқиға Қытай басшылығы жайлы қандай болмасын сұхбатқа қарағанда көбірек жағдайдан хабар береді.
Бұл оқиғада жәбірлеу, қорқыту және өкінішпен жазған хат – менің Қытайдағы көп жылдан бергі жұмысымда жазған хат.
Мені «соңы жаман салдарға әкелген қылығым» және «заңсыз сұхбат» жазуға әрекеттенгенім үшін кешірім сұрауға мәжбүрледі.
Ян Линхуа пойызбен Бейжіңге жол жүрмекші болды, өйткені ол Қытайда «шағымданғыш» деп аталатын адамдар санатына жатады.
Жыл сайын Қытайдың ондаған мың адамдары жергілікті сотта әділдікке қол жеткізу мақсатында астанаға барады. Олар өздерінің мәселелерін Мемлекеттік қоңырау шалу және хаттар бюросына апарады.
Сыбайлас жемқорлық, жерді заңсыз иелену, жергілікті басшылыққа шағымдар, полиция қаталдығы, дәрігерлердің біліксіздігі, әділетсіз қуылулар туралы оқиғалар – бұлардың барлығы ұзын бұрама қағаздарда, петицияларда жазылған, мұның бәрін шағымданушылар өздерімен бірге алып келеді.
Бұл шағым жүйесі Қытайдың Коммунистік партиясының қамқорлығымен өмір сүріп келеді және петициялардың сәттілігіне мүмкіндіктері өте аз.
Бірақ көптеген адамдар үшін бұл жалғыз үміт және олар жыл сайын өздерінің шағымдарын түсіруді жалғастыруда.
Ян апалы-сіңлілердің оқиғасы
Ян Линхуа отбасы дәл осылай жасады.
Үш жыл бұрын Би-Би-Си түсірілім тобы Ян Цинхуамен ол өзінің петициясын Бейжіңге әкелгенде кездескен болатын.
Апалы-сіңілілі қыздар олардың жерлерін тартып алғандығын, ал әкесі бұған қарсы тұрмақшы болғанда соққыға жығылып, көз жұмғандығын айтып шағымданды.
Бірақ, Ян Линхуаның дәл осы жұмада Бейжіңге келуге тырысқанының ерекше себебі бар. Жексенбі күні қытай астанасында парламенттің жыл сайынғы сессиясы – бүкілқытайлық халық уәкілдерінің құрылтайы ашылмақшы.
Бұл жиналыс – шағымданушыларға бірден-бір орай.
Бірақ, қытай басшылығы мұндай петиция толқынын құптамайды. Олар "арызқойлардың" Бейжіңдегі саяси театрдың қойылымына көлеңке түсіруін қаламайды , сондықтан елдің әр түкпіріндегі жергілікті басшылық шағымданушылардың Бейжіңге жетпеуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасау тапсырмасын алады.
Күтпеген кездесу
Ян Линхуаның әпкесі мен анасын ресми емес үй қамауына алғаны бізге мәлім.
Бірақ, ол бұған дейін Бейжіңге петицияларымен келген жоқ еді және сондықтан оған қарсылық көрсетпейді және тым болмағанда пойызға отыру мүмкіндігін береді деп ойлады.
Бірақ, ол қателесті.
Біздің түсірілім тобы Ян Линхуаның ауылына кіре бере олардың бізді күтіп отырғандарын түсіндік.
Ер адамдардың үлкен тобы оның үйіне баратын жолды бөгеп тастапты. Бірнеше минуттар ішінде олар бізге шабуыл жасап, барлық камераның күл-талқанын шығарды. Қытайға келген шетел журналистері мұндай озбырлыққа дайын болуы тиіс. Бірақ, бұдан кейін болғанжай біз үшін күтпеген оқиға болды. Біз ауылдан шығып кеттік, бірақ олар соңымыздан қуа бастады. 20 шақты қанды балақтар машинамызды қоршап алды.
Кейіннен оларға бірнеше полицей мен жергілікті басшылықтың екі өкілі қосылды. Жәбір көрсетеміз деп қорқытып, біздің түсіріп үлгерген мәліметіміздің бөлігін өшіріп тастауға, оған қоса тәубе хатына қол қоюға мәжбүрледі.
Ян Линхуаның әпкесі олардың үй қамауындағы бейнесін жіберді. Оларды қамауда ұстап отырғандардың ішінен бізге шабуыл жасағандарды таныдық.
Бейжіңге, Бейжіңге!
Бұл репортажды дайындау кезінде біз жасы 70-тен асқан Қытай тұрғынымен сөйлестік. Ол 1988 жылдан бері күйеуін өлтірген адамды бостандығынан айыру мерзімін ұзарту мақсатында петиция беріп келеді. Бізге әр жыл сайын халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы сессиясы кезінде оны 10 күнге үй қамауында ұстайтынын айтты.
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы ер адаммен сөйлестік. Ол ұлының ұрланғандығына шағымданады. Оған осы жұмада ешқайда сапарға шықпауға кеңес берген.
Ол бәрібір билет алды, бірақ оған пойызға отыруға мүмкіндік бермеді.
Мемлкеттік қоңырау шалулар мен хабарламалар бюросында көптеген «қанды балақтар» жиналған. Олардың жұмысы жергілікті басқармаға шағымданушыларды ұстап, үйлеріне қайтуға көндіру немесе мәжбүр ету.
Дегенмен, көптеген шағымданушыларға өздерінің петицияларын беруге мүмкіндіктері болады, әсіресе, мұны алғаш рет жасап тұрғандар және олар туралы басшылыққа мәлім емес азаматтар.
Қытай басшылығы шағымданушылар ағынының бетін қайтарса қаншалықты тырысса, олардың Бейжіңге жету ықыласы соншалықты күшейе түседі.
Бір шағымданушы бізге онымен және жергілікті басшылық өкілдерінің арасындағы смс-хабарлама алмасуын көрсетті, олар онымен кездесуге тырысты, тіпті демалысқа сапарын төлемекші болды. Барлығын жасайды, тек Бейжіңнен кетсе болды.
Шенеунік-1 мен шағымданушы арасындағы смс-хабарлама алмасу
Ху қарындас, бұл Ван ағаң. Сен қайдасың? Мүмкін түскі аста кездесеміз? Мен де Бейжіңдемін. Көріспегелі көп болды.
Мен Бейжіңге тамақ ішіп, көңіл көтеру үшін келмегенімді басшыңызға айта барыңыз, өтініш. Мен мұнда өз мәселемді шешу үшін келдім. Сіздер, шенеуніктер, ұяттан жұрдай екенсіздер.
Біздің ара-қатынасымыз жақсы. Мен басшымызға сенің мәселең туралы айттым. Сен қайдасың? Мүмкін кездесіп, сөйлесеміз? Біз саған барайық.
Шенеунік-2 мен шағымданушы арасындағы смс-хабарлама алмасу
Ху әпке, сенің уақытың бар ма? Қытайдың оңтүстігіне барғың келе ме? Біз сенің мәселеңе байланысты бірнеше шешім тауып қойдық. Сенімен сөйлескіміз келеді. Маған қоңырау шала аласың ба? Мен қанды балақтарды тәртіпке салдым. Олар енді сені ренжітпейді.
Менің телефонымда ақша таусылып қалды, қоңырау шала алмаймын.
Мен саған телефоныңа ақша салуға көмектесемін.
Біз Ян Линхуа жоғалғаннан бастап Ян мен оның отбасынан ешқандай хабарлама алмадық. Біз Бейжің басшылығынан олардың жағдайлары жақсы дегенді растайтын құжат тапсыруды сұрадық.
Олардың мені тәубе хатына қол қоюымды мәжбүрлегеніне қарамастан, мен олармен кездесу мүмкіндігі үшін ешқандай кешірім сұрамаймын.
“The Qazaq Times”