Полиция Арон Атабектің қызы Айдана Айдарханды босатты.
14 шілдеде «Шаңырақ ісі» бойынша сотталған ақын Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан Алматыдағы Абай ескерткішінің алдында әкесінің суреті салынған плакатпен поэтикалық акция өткізіп, әкесінің өлеңдерін оқып, оны босатуды талап еткен болатын. «Оян, Қазақстан!» қозғалысының инстаграм желісіндегі парақшасында сол күні Айдананың тұтқындалғаны және 2 сағаттан соң босатылғаны жарияланды. «Оян, Қазақстан!» қозғалысының мүшелері Айдананы босатқанға дейін тапжылмастан сыртта күткен. Алайда, полиция оны шығарғанға дейін бірнеше минут бұрын полиция жарықты сөндіріп, есікті жауып алған.
Тергеу кезінде Айданадан өз акциясына қатысқандар арасында журналистер мен блогерлердің болған болмағандығы сұралған. Медеу аудандық прокуроры оны алғаш рет бұл істе болғандығы үшін «кешіретіндігін», бірақ келесі жолы әкімшіліктен рұқсат сұрауы керектігін айтты. Аталған қозғалыс өкілдері «Конституциялық құқықтарға сәйкес Айдана өз пікірін айту үшін ешкімнен рұқсат сұрауға міндетті емес» дейді.
Еске сала кетейік, биыл наразылық акциялары жиі орын алып, біраз адам жауапкершілікке тартылған. Сәуірде марафонға баннермен шыққан екі азамат 15 тәулік қамауға алынған. Сол акцияны түсіргені үшін үш адамға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді