Иран уран байыту қуатын тоқтаусыз арттырып жатқанын жеткізді. Елдің Атом энергиясы агенттігінің өкілі Иран уран байыту қуаты 3,67 пайыздан 4,5 пайызға жеткенін мәлімдеді. Бұл Иранның ядролық қаруға пайдаланатын байытылған уран мөлшеріне тіпті де жақындай түскенін білдіреді.

Иран Атом энергиясы агенттігінің баспасөз хатшысы Беһруз Камалвани кешегі мәлімдемесінде, Иран байытылған уран көлемін 20 пайызға дейін жеткізетінін, бұл 2015 жылы қол қойған келісімнің шектеуінен асыратын үшінші қадам болып саналатынын айтқан.

IRNA ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Иран өзінің байытылған уран үлгілерін Халықаралық атом энергиясы ұйымына тапсырады. Уран үлгілері Иранның уран байыту қуатының артып келе жатқанын көрсетіп бермек. Теһранның мәлімдеуінше, келісімге қатысқан елдер АҚШ санкциясына қарсы әрекетке бармаса Иран үшінші қадамын жасап, байытылған уран мөлшерін 20 пайызға дейін жетеді.

Әрине, ядролық қару жасау үшін 20 пайыздық байытылған уран жарамсыз болғанымен, бұл әрекеттер Иранның уран байыту қуатын көрсетіп отыр. Бұл АҚШ пен Иран арасындағы қайшылықты тіпті де арттыра түсетіні белгілі.

Елдің СІМ басшысы Жавад Зариф өзінің әлеуметтік желі парақшасында, бұдан бұрын да Еуропалық елдер мен Иран арасындағы "Париж келісімі" АҚШ тарабынан жойылғанын, соның нәтижесінде Иран уран байыту мөлшерін 100 пайызға дейін жеткізе алғанын айтты. Сондай-ақ, бұл өткеннен АҚШ бастаған "B" тобының сабақ алмағанын, бірақ әлем елдері сабақ алуы керек екенін айтқан.

“The Qazaq Times”