Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен МакГилл университеті (Канада) медицина саласындағы ынтымақтастық және бірлескен нейрореабилитациялық орталықты құру туралы меморандумға қол қойды.
Орталық №1 Қалалық клиникалық аурухана базасында құрылатын болады. Инфаркт пен инсульттерден, балалардың церебральды салынан және нейрогенеративті аурулардан кейін ерте оңалтуға мамандандырылған аурухана Қазақстанның жетекші ЖОО-ның бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқаруына берілген болатын.
Оқу жылының басында ҚазҰУ-ға Канададан әлемге танымал профессорлар келіп, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы мамандары үшін практикалық семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізеді. Олар қазақстандық әріптестерін заманауи кешенді бағдарламалармен, ауруларды емдеу мен оңалтудың дәрі-дәрмектік және дәрі-дәрмектік емес әдістерімен таныстырып, озық тәжірибемен және адамның жүйке жүйесі ауруларын зерттеу нәтижелерімен бөліседі.
МакГилл университетінің мамандары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нейрореабилитациялық орталығының қызметіне, нейродегенеративті ауруларды емдеу мен оңалтудың жаңа технологияларының трансфертіне үнемі кеңес береді. Орталықтың құрылуы бірлескен зерттеу және ғылыми-білім беру жұмыстарын жүргізуге, ҚазҰУ-дың медицина факультетінің студенттерінің тәжірибелік дайындығын жүргізуге де мүмкіндік береді. Болашақта орталық медициналық туризм драйверлерінің бірі және нейродегенеративті ауруларды емдеу мен оңалту жөніндегі Орталық Азия хабына айналуы тиіс.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі