Триполидегі босқындар лагеріне жасалған әуе соққысынан кем дегенде 40 адам қаза тауып, 80 адам жарақат алды.
Ливия билігі әуе соққысына сәуірден бері ел астанасына шабуыл жасай бастаған фельдмаршал Халифе Хафтарады айыптады. Қайтыс болғандардың көпшілігі, шенеуніктердің ақпараты бойынша, Африка елдерінен келген босқындар. Қаза болғандардың нақты саны әзірге белгісіз. «Франс пресс» агенттігінің хабарлауынша, бомбалардың бірі 120 адамы бар мигранттар үйіне дәл түскен.
БҰҰ мойындаған Ливиядағы ұлттық бірлік үкіметі бар жауапкершілікті фельдмаршал Халифа Хафтар басшылығына жүктеді. Дегенмен, Хафтар әскері босқындарды ұстау орталықтарына соққы жасамағанын айтты.
Соңғы жылдары Ливия Африкадан ағылғандар Еуропаға өтетін негізгі пунктке айналған. Бүгінде Еуропа елдеріне заңсыз өткізуді бизнеске айналдырған елдің бірі Ливия саналады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді