Осака қаласында өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінен кейін, АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореяда сапарда болды. Бұл сапарында ол Солтүстік Корея шекарасынан өтіп, КХДР басшысы Ким Жоң Унмен кездесті. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореядағы АҚШ әскери күштерімен де кездесу өткізді.
Президент Трамп Оңтүстік Кореядағы америкалық әскери күштермен кездесу кезінде АҚШ-тың ядролық арсеналы туралы көбірек тоқталған. «Біз қазіргі кезде елдің ядролық арсеналын жаңартуға, дамытуға барынша күш салып жатырмыз. Біз оларды ешқашан пайдаланғымыз келмейді, бірақ ең озық ядролық қаруға ие боламыз», – деген Трамп. Ол және АҚШ армиясы қуатты күшке ие болып ядролық қаруды қолданбауға кепіл болуы керек деген ойын да айтқан.
Трамптың сайлау алды уәделерінің бірі – елдің ядролық қуатын дамыту болатын. Айтқанындай, президент бола салысымен қол қойған алғашқы бұйрықтарының бірі ядролық арсеналды дамыту туралы шешім болды. Сарапшылардың болжауынша, АҚШ-тың ядролық арсеналын жаңарту Трамп үкіметі кезінде толық аяқталмауы мүмкні. Алайда, бұл бастама арқылы елдің ядролық қуаты арта түспек.
АҚШ-тың ядролық арсеналы
Мәліметтерге жүгінетін болсақ, Америка Құрама Штаттарында 3800-ден астам ядролық оқ тұмсық бар. Олардың арасында 1750 данасы баллистикалық және орта-қысқа қашықтықтағы тасымалдаушы зымырандарға орнатылған. Ал, қалғаны ядролық резерв ретінде сақталуда. АҚШ Түркия, Бельгия, Италия, Германия және Голландия қатарлы елдердегі әскери базаларында B-61 атом бомбасының 150 данасын орналастырылған.
2019 жылы АҚШ ядролық арсеналын дамытуға 24 млрд доллар қаржы бөлінген. Бұлар биылғы жылдан бастап өткізілетін ядролық сынақтарға жұмсалмақ.












                                                        





                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                    
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                    
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                    
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                    
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                    
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау