Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы бейбіт шекара аймағы саналатын Панмынжомда АҚШ президенті мен Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы үшінші рет кездесті. Бұл кездесу Жапониядағы "Үлкен жиырмалық" саммитінен кейін өтуі әлем елдерінің назарын аударды.
Президент Трамп пен КХДР басшысы Ким Жоң Ун арасындағы кезекті кездесуі де тарихи деп бағалануда. Себебі, бұл реткі бас қосу Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы символдық шекара аймағында өтіп отыр. Сонымен бірге, президент Трамп шекара сызығынан Солтүстік Кореяға қарай өтіп, КХДР басшысымен бірге шекара сызығын аттаған.
Бұнымен АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея территориясына табаны тиген алғашқы АҚШ президенті ретінде тарихта қалды деуге де болады.
АҚШ президенті кездесуді екі ел қарым-қатынасы үшін аса маңызды деп бағалады. Дегенмен, кездесуден кейінгі мәлімдемесінде Солтүстік Кореяға бағытталған санкциялардың сақталатынын жеткізген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы