Ыстамбұл мэрін қайта сайлау кезінде оппозиция кандидаты Экрем Имамоглу жеңіске жетті. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған басқаратын әділдік және даму партиясы (ПСР) муниципалдық сайлауда алғаш рет жеңіліс тапты.
Anadolu агенттігінің мәліметі бойынша, оппозициялық Халықтық-республикалық партиядан үміткер Экрем Имамоглу 54%, ал президенттік партиядан үміткер, Парламенттің экс-спикері Биналы Йылдырым 45,1% дауыс жинаған. Сайлауда оппозициялық топ Фатих, Ускудар, Эйуп және Бейкоз аудандары бойынша да басым түскен. Ол кезде Экрем Имамоглу Бинали Йылдырымды басып озып, төрт миллионнан астам дауыс жинады. Нәтиже белгілі болғаннан кейін, Ердоған да, Йылдырым да жеңілісті мойындап, оппозиция кандидатын құттықтады. Енді «Әділдік және даму» партиясы 2002 жылдан бері алғаш рет Ыстамбұлды басқару құқығынан айырылмақ.
31 наурызда өткен сайлау кезінде «заң бұзушылықтар мен бұрмалау болды» деген шағымнан кейін, дауыс беру қорытындысы заңсыз деп танылған. Сол уақытта Түркия орталық сайлау комиссиясы әуелде оппозиция кандидаты Имамоглуның жеңісі заңды болды деп мәлімдеді. Алайда, нәтиже жойылған соң қалада наразылық акциялары басталды.
23 маусымда Ыстамбұлда қала әкімін қайта сайлау өтті. Әкімдікке 20 шақты үміткер бар болғанымен негізгі тартыс президент Ердоған жетекшілік ететін партия үміткері Бинали Йылдырым мен оппозициялық халықтық-республикалық партиясының кандидаты Экрем Имамоглу арасында жүрген.