Түркия мен Грекия арасындағы қорғаныс ынтымақтастығын дамыту мақсатындағы кездесулер кеше Анкарада екінші кезегін бастады. Бұл ынтымақтастық Эгей теңізінде қорғанысты шараларын ортақтастыруды мақсат еткен. 

Түркия Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемде, екі елдің қорғаныс өкілдері Анкарада кездесіп, Эгей теңізіндегі ынтымақтастық шараларды талқылауда. Кездесу 21 маусымға дейін жалғасады. Нәтижесінде, Түркия мен Грекия арасында әскери оқу-жаттығулар, ұлттық қорғаныс салаларының қызметін үйлестіру жұмыстары жоспарланады.

Бұған дейін Грекия мен Түркия арасында Эгей теңізіндегі ұсақ аралдардың иелік құқығына байланысты тарихи дау-дамай сақталып келген. Бұғаздардың бақылау, шарлау кездерінде екі тараптың әскери кемелері жиі ұшырасып, Афина мен Анкара арасындағы дипломатиялық қатынастарды нашарлатқан еді.

Қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы кездесулер алғаш рет бұдан бір ай бұрын Афина қаласында өткен. Тараптар Эгей теңізінің қауіпсіздігін ортақ қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастыққа қол жеткізді.

“The Qazaq Times”