«Иран АҚШ-қа мұқтаж емес». Бұндай пікірді Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Жават Зариф ортаға салған. Оның айтуынша, Иран мен АҚШ арасындағы дағдарыстың басты жауапкершілігі Трамп үкіметінде және екі ел арасындағы дағдарысты Ақ үйдің реттеуі керек.
Бір күн бұрын, Иран Мәжілісінің, ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат ведомстволарының өкілдері арасында жиналыс өтті. Жиналыстан кейін СІМ басшысы Хариф аталған мәлімдемесін жасаған. Зариф сөзінде Теһран билігі (Тегеран) Құрама Штатқа мұхтаж емес екенін, қарым-қатынасын жақсартуға да ынталы болмайтынын жеткізген.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға бағыттаған санкция шараларын «экономикалық терроризм» деп бағалаған Зариф: «Құрама Штаттарға ешқандай мұқтаждығымыз жоқ. Бұл елмен қарым-қатынасты жақсартуға да ынталы емеспіз. Екі ел арасындағы қайшылықты Трамп үкіметі ретке келтіруі керек», – деген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер