Чехияның премьер-министрі Андрей Бабиш Еуропалық Одақтың бөлген қаржысын заңсыз жұмсады деп айыпталуда. Сейсенбі күні Праганың орталық алаңына 100 мыңнан астам адам жиналып, премьер-министрі Андрей Бабиштің отставкасын талап етті.
ЕО-дан бөлінген субсидияларға байланысты қылмыстық іс қозғау туралы талаптар сәуір айында басталған болатын. Бірақ, премьер-министр Андрей Бабишке өзіне тағылған айыпты жоққа шығаруда. Бабишке қарсы наразылықтарға қарамастан, ол басқарған партия Еуропарламентке сайлауда 21,2 пайызбен алға шықты.
Өткен жұмада Еурокомиссияның Чехия премьеріне қатысты мәлімдемесінің толық аяқталмаған нұсқасы ақпарат құралдарына тарап кетті. Аталған мәлімдемеге сәйкес, Бабиш ЕО-дан бөлінген қаражаттан шамамен 17,5 миллион евроны кері қайтаруы керек болған. Бұл мәлімет ауқымды наразылық акциясына себеп болды.
Наразылық шарасын ұйымдастырушылар шараға 120 мыңнан астам адам қатысқанын айтқан. Айтылған мәлімет расталатын болса, онда бұл елдегі 1989 жылғы «Барқыт революциясынан» кейінгі ең ауқымды шеру болмақ.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?