Парламент мәжілісінің жалпы отырысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекет қарызы туралы мәлімдеді.

Ә.Смайылов: «Есепті талқылау кезінде мемлекеттік қарыздың өсуіне және квазимемлекеттік субъектілердің борышына барынша назар аударылды.Үкімет алдындағы басты міндет - ол мемлекеттік қарыз  көлемін қауіпсіз деңгейде сақтау. Ол үшін, біз бюджеттің күтілетін кірістерін және әлеуметтік төлемдердің өсуін ескере отырып, он жылдық кезеңге ықтимал қарыз жүктемесін есептейміз», ҚР Үкіметінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру кезінде. «Мемлекеттік қарыз есепті жылдың соңында төмен деңгейде қалып отыр. Оның мөлшері  жалпы ішкі өнімге шаққанда 25,8%-ды құрады», – деді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жылы республикалық бюджет шығыстары 99,8%-ға орындалған. Республикалық бюджеттің әлеуметтік шығыстарының үлесі 44% болған.

Осыған дейін премьер-министрінің бірінші орынбасары «Кірістер 2,3 %-ға артығымен орындалды. Бюджетке 5,8 трлн теңге түсті. Салықтар 2017 жылмен салыстырғанда, 17,5%-ға өсіп, 846 млрд теңге көлемінде бюджетке қосымша жиналған. Республикалық бюджеттің әлеуметтік шығыстарының үлесі 44% болған», – деп мәлімдеген болатын. Ал Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанның сыртқы қарызы 158 млрд 800 млн АҚШ долларына жеткен.

"The Qazaq Times"