Украинада 2020 жылдан бастап балалар үйлері балаларды қабылдамайды. Бұл жайлы Украина денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ульяна Супрун Facebook-тегі парақшасында жазды.
Украинформ сайты да хабарлағандай, Супрун сөзінде: «Шындығында Украинадағы осындай мекемелерде тұратын балалардың тек 8%-ы жетім балалар мәртебесіне ие. Олардың ата-аналары үшін балаларын өсіріп-жетілдіру қиындық туғызады. Олар көмекке мұқтаж», – дейді. Оның айтуынша, жақсы жағдай жасалған ешбір үлгілі интернат мекемесі отбасын алмастыра алмайды, сол себепті үкімет ата-анасынсыз тұратын балаларды қолдау жүйесіне өзгерістер енгізуді қолға алды.
Сонымен қатар, Украина билігі осы жылдан бастап балалар өз отбасыларында өмір сүру үшін отбасыларына көмектесуді қолға алмақ. Супрун осы мәселеге қатысты: «Өткен жылы Украина Министрлер Кабинетінің «Оңалту орталықтары және балаларға паллиативтік көмек туралы ережені бекіту туралы» қаулысының жобасын дайындадық. Соның негізінде балалар үйлерін медициналық оңалту және паллиативтік көмек орталықтарына айналдыру қарастырылған», – деді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді