Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңес басшысы Дональд Туск келіссөздер өткізді.
Кездесу барысында Қ.Тоқаев: «Ең алдымен менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға сапарлап келгені үшін Еуропалық кеңес президенті Дональд Туск мырзаға ризашылығымды білдіремін. Біздің өңірге қатысты Еуропалық кеңес жаңа стратегия қабылдауы аясында президент Дональд Тусктің Орталық Азия елдеріне сапарының маңызы айрықша. Бұл құжат және осы сапар Орталық Азиядағы саяси және экономикалық тұрақтылықты нығайтуда Еуропалық тараптың күш-жігер жұмылдыруға дайын екендігін дәлелдейді. Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық одақтың мерейтойлық бесінші саммиті өтті. Ал Еуропада парламенттік сайлау аяқталды. Бұл сайлаудың қорытындысы еуропалық билікті сақтау ісіне елеуі үлес қосатындығына және Еуропаның жаһандық аренада қуатты және ықпалды күш болып қала беретіндігіне сенімдімін», – деп мәлімдеді.
Өз кезегінде Еуропалық кеңес басшысы Дональд Туск: «Қазақстан Еуропа мен Шығыс, Ресей мен Оңтүстік Азия арасындағы көпір саналады. Орталық Азия бойынша өзінің жаңа стратегиясында біз қуатты және заманауи әріптестікті қалыптастыруды, энергетика, көлік және сандық коммуникация салаларындағы әріптестікті тереңдетуді қалаймыз», – деді.
Сонымен қатар, Қазақстан басшысы Тусктың сапары қазақ халқы үшін айрықша күнмен тұспа-тұс келіп отырғанына тоқталып өтті. «Бүгін біз миллиондаған адамның өмірін үзген сталиндік саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тағдырдың тауқыметіне түскен азаматтардың арасында қазақтар ғана емес, Отанымызға күштеп қоныс аударылған 1,5 млн басқа ұлт өкілдері де бар. Осы орайда тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық мұражай кешеніне біз екеуіміз барып, тағзым етеміз. Бұл қазақ халқына және барлық қуғын-сүргін құрбандарына зор құрмет болса керек», – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, 29 мамырда Дональд Туск Орталық Азияға сапарын бастаған. Ол 2 маусымға дейін Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстанды аралайды.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі