Биыл "Дүниежүзілік Құдыс күнін" Иранның 950 қаласында атап өтпек. Шағын қалаларда мыңдаған адамдар, ал елдің ірі орталықтарында жүз мыңдаған адам шеруге шығып Палестина азаттығы мен Иерусалимнің қайтарылуын талап етеді. Сондай-ақ, биылғы "Құдыс күні" Бахрейнде өткелі жатқан Палестина мен Израиль мәселесін тақырып еткен "Ғасыр мәжілісіне" қарсылық ретінде өтеді.
Иранда әр жылғы ораза айының соңғы жұмасы "Дүниежүзілік Құдыс күні" (Иерусалим күні) ретінде аталып өтеді. Бұл күнді Иран Ислам Республикасының құрушы Хомейни атаулы күн етіп белгіленген. Бұл күні ирандықтар шеруге шығып, Палестинаның азаттығы мен Иерусалимнің қайтарылуын талап етеді.
Иран Ислам Республикасының Исламдық үгіт-насихат кеңесі таратқан мәлімдемеде, кезекті "Құдыс күнінде" "Ғасыр мәжілісі" тоқтатылып, Палестина жағдайының тұрақталуын ұран ететіндері айтылған. Сондай-ақ, ИИР үкіметі биыл 41-ші рет аталып отырған атаулы күн Иран халқының отарлауға қарсы бірлігін әйгілейді деп қарайды.
Бұған дейін Иранның IRNA ақпараттық агенттігі Теһран (Тегеран) лауазымдыларына сілтеме жасай отырып, Бахрейнде өткелі отырған "Ғасыр мәжілісі" деп аталатын жиналыстың Палестинаның тәуелсіздігіне қарсы мақсатты бас қосу ретінде бағалаған. Ал, кешегі хабарда Ресей мен Қытай тарабы аталған жиналысқа қатысудан бас тартқанын мәлімдеген.
Исламдық үгіт-насихат кеңесі аталған мекемесінің таратқан мәліметінде, кезекті шараға шетелдерден 250 журналист шақырылған. Сондай-ақ, өз елінің БАҚ өкілдерін қосқанда 4 мыңнан астам журналист әр қалада шеру туралы хабар тарататынын білдірді.
ИИР-дің атаулы "Құдыс күні" алдағы жұма күні өтеді.