Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі АҚШ пен Иран арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін Кувейт лауазымдыларының бірі қайшылықтарды шешу мақсатында Иран мен АҚШ арасында келіссөздер басталғаны туралы хабарлаған. 

Иран СІМ өкілі Аббас Мусави бір күн бұрын жасаған мәлімдемесінде, Иран мен АҚШ арасында кезекті қайшылықтарға байланысты ешқандай келіссөз болмағанын айтты. Бұған дейін ИИР-ның рухани көсемі Аятолла Хомейни АҚШ-тың қазіргі үкіметімен "келіссөзге келу мүмкін емес" деген пікірін білдірген. Бұған қоса Иран режимі АҚШ-қа беретін жауабымыз "Қарсылық" дегенді жиі қайталаған еді.

Кувейттің сыртқы істер министрінің орынбасары жексенбі күні журналистерге берген жауабында, АҚШ пен Иран арасында келіссөздер басталғанын, Иран тарабы қалайда келіссөзге келеді деген ойын айтқан.

АҚШ пен Иран үкіметтері кезек-кезек соғысты қаламайтынын білдіріп, бірін-бірі айыптауда. Оған қоса ырықсыз соғыс туылған жағдайда бар күшін салатынын да ескертумен келеді. Бұл аймақтағы елдерді және әлем елдерін болуы мүмкін соғыс қатерімен алаңдатуда. Қазір, Ақ үй Орта Шығыстағы АҚШ әскерлерінің санын көбейту туралы Пентагонның ұсынысын қарауда. Иран тарабы Парсы шығанағы маңында америкалық әскери күштердің көбеюі өздігінен қатерлі қақтығысты тудырады деп қарайды.

“The Qazaq Times”