Нұрсұлтан Назарбаев кезекті рет құрметті төраға болып сайланды.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі кеңесінің құрметті төрағасы деген өмірлік мәртебе берілді. Бұл жөнінде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің мәлімдемесінде айтылды.
Аталмыш бастаманы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған көтеріп, Түркі кеңесі мемлекеттерінің көшбасшылары ұсынысты қолдаған.
«Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдардың басынан бері түрік әлемінің жақындасуына, түркі халықтарын біріктіретін ұйымдардың құрылуына ықпал етіп келеді», - делінген мәлімдемеде.
Естеріңізге салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды